Жасуша жарғағы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Cell membrane drawing-en.svg
Жасуша жарғағы
Жасуша жарғағы (клеточная мембрана); (Үлгі:Lang-el kytos — жасуша; lemma — қабықша, жарғақ) — жасушаның тірі заты — протоплазманы сыртынан қаптап, оны сыртқы ортадан бөліп және онымен байланыстырып тұратын жарғақ. Жасуша жарғағы байланыс, тосқауылдық (барьерлік) қызметтер атқарумен қатар, жасушаның сыртқы пішінін анықтайды. Жасуша жарғағының негізін липопротеидті мембрана құрайды, оның орташа қалындығы 10 нм. Жасуша жарғағының сыртқы бетінде ғликокаликс қабаты, ал оның ішкі бетінде субмембраналы тіректік-жиырылғыш аппарат орналасады. Плазмолемма сыртқы және ішкі протеинді, ортаңғы билипидті қабаттардан құралған. Жасуша жарғағы жасушаны зақымданудан және сыртқы ортаның қолайсыз әсерлерінен корғайды. Плазмолемманың сыртқы бетінде әртұрлі гормондарды, медиаторларды, ерекше антигендерді анықтайтын рецепторлар болады.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>