Жасмық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жасмық

Жасмықбұршақ тұқымдасының бір туысы. 5 түрі бар. Кәдімгі жасмықтың ірі дәнді (диаметрі 5,6 – 9 мм) түрі бар. Жасмық Алдыңғы және Орта Азия, сондай-ақ Орталық және Оңтүстік Еуропада өсіріледі.

Бөлінуі

Жасмықтың Қазақстанда 2 түрі бар:

  • Шығыстық жасмық
  • Тағамдық жасмық

Шығыстық жасмық

Шығыстық жасмық-бір жылдық, биіктігі 5 – 25, кейде 30 см, сабағы жіңішке, кейде күлгін түсті, түбінен бастап бұтақтанып өседі. Жапырағының ұзындығы 1 – 3 см, гүлі ұсақ, сәуір – мамырда гүлдейді, мамыр – маусымда жеміс береді. Қаратауда, Батыс Тянь-Шаньның етектерінде бұта арасында өседі, кейде егістік арам шөп түрінде кездеседі. Жайылымда малға құнды жемшөп.

Тағамдық жасмық

Тағамдық жасмық-бір жылдық, биіктігі 15 – 75 см, сабағы тік, бұтақтары аз, қырлы, жіңішке. Жапырағы кезек орналасқан, ұзындығы 10 – 20 мм, ені 3 – 8 мм, гүлі ұсақ, ұзындығы 5 – 7 мм, бұршақ қынының ұзындығы 6 – 15 мм, ені 8 мм, 1 – 3 тұқымды, маусымда гүлдейді, дәні шілдеде піседі. Қазақстанда тау бөктерінде өсіріледі. Адамға тағамдық, малға жемшөптік өсімдік. Малға сабаны, дәні, топаны, көк шөбі пішені дайындалады. Гектарынан 15 – 30 цент өнім алынады. <ref> Қазақ совет энцеклопедиясы </ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер