Жасанды (екіншілік) флуоресценция
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Жасанды (екіншілік) флуоресценция — жасуша құрылымдарының арнайы боягыш заттар — флуорохромдармен боялуы нәтижесінде ерекше түспен жарық беру қасиеті. Мысалы, қызыл-сары акридин флуорохромымен боялған ДНҚ жасыл, ал РНҚ қызыл түс береді. Екіншілік флуоресценция тым сезімтал әдіс. Оның көмегімен жасушаның химиялық құрамын да аныктауға болады.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>
Дереккөздер
<references/>