Жарқырау
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Жарқырау, бет нүктесінің жарқырауы —
1) физикада бет элементінен шығатын жарық ағынының осы элементтің ауданына қатынасына тең жарық шамаларының бірі. Жарқыраудың бірліктердің халықаралық жүйесіндегі өлшеу бірлігі: лм/м2. Энергетикалық шамалар жүйесіндегі осы тәрізді шама энергетикалық Жарқырау деп аталып, Bт/м2-пен өлшенеді;
2) астрономияда — жұлдыздың бірлік денелік бұрыш ішіндегі шығаратын жарық ағынының шамасы, яғни жұлдыздың жарық күші.
<ref name="source1">"Қазақ Энциклопедиясы"</ref>
Дереккөздер
<references/>