Жарық сүзгі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жарық сүзгі

Жарық сүзгі– жарық спектрі құрамын талғай өткізу және шағылыстыруға, жарық күшін әлсіретуге арналған оптикалық құрал. Жарық сүзгі әрекетінің негізінде спектірлік жағынан талғанатын кез келген оптикалық құбылыс (жарықтың жұтылуы, шағылысуы, интерференциясы, дисперсиясы) жатады. Соның ішінде жарық ағынының жұтылуына негізделген абсорбциялық жарық сүзгі көбірек тараған. Жарық ағыны заттың жұқа қабатынан өткен кезде оның шамасы мен спектірлік құрамы өзгереді яғни сүзіледі. Жарық сүзгі үшін түрлі түсті шыны пластинкалар, желатин пленкалары, сұйықтар бояу және органикалық емес тұз ерітінділері тағы басқа қолданылады.

Бөлінуі

Жарық ағынын өзгертуіне қарай абсорбциялық жарық сүзгі бірнешеге бөлінеді:

  • бір жақты жарық сүзгі.
  • бейтарап жарық сүзгі.

Бір жақты жарық сүзгі

Белгіленген жиіліктен өзге спектрдің тек ұзын толқындарын немесе тек қысқа толқындарын ғана жұтатын жарық сүзгі -бір жақты жарық сүзгі дейді.

Бейтарап жарық сүзгі

Спектр толқындарын түгел әлсірететін жарық сүзгі -бейтарап жарық сүзгі деп аталады.

Қосымша

Кейде жарық спектрінің кейбір бөлігін ғана талғап жұтып, өзге ұзын және қысқа толқындарды өзгеріссіз өткізетін жарық сүзгі де қолданылады.

Толқын ұзындығы тұрақты болған жағдайда жарық сүзгіден өткен сәуленің бастапқы түскен сәуле ағынына қатынасы жарық сүзгінің өткізу қабілетін сипаттайды. Ал бұл қабілеттік толқын ұзындығына тәуелді және өткізу қабілеті артқан сайын жарық сүзгінің оптикалық тығыздығы кемиді. Жоғары оптикалық тығыздық тудыру үшін жарық сүзгі бірнеше қарапайым сүзгіден құрастырылады. <ref> Қазақ совет энцеклопедиясы. 4 том. </ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер