Жарық жұлдыз. Академик Сәтбаев замандастарының естеліктерінде (кітап)
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Жарық жұлдыз. Академик Сәтбаев замандастарының естеліктерінде - Алматыдағы «Ғылым» баспасынан 2000 жылы орыс тілінде жарық көрген кітап. Халықаралық Қаныш Сәтбаев коры дайындап, шығарған. Еңбекте белгілі ғалымдардың, мемлекет қайраткерлерінің, жазушылардың, халық шаруашылық мамандарының көрнекті ғалым, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым Академиясының тұңғыш президенті академик Қаныш Сәтбаев туралы естеліктері, берген бағалары және терең алғыс сезімдері жарияланған. Кейбір материалдар алғаш рет берілген. Көпшілікке арналған. Көлемі 17,25 баспа табақ. Таралымы 300 дана.<ref>Қаныш Сатпаев. Энциклопедия / Бас редактор Б.Ө.Жақып. — Алматы «Қазақ энциклопедиясы», 2011 жыл. ISBN 9965-893-74-8</ref>
Дереккөздер
<references/>