Жарықтардың ырсималылығы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жарықтардың ырсималылығы. Жарық қабырғалары арасындағы оған перпиндикуляр бағытта өлшенетін қашықтық. Минералды жарықтардың немесе қатты түрдегі органикалық заттарды кіріктірген жарықтардың ырсималылығы мм бөліктерінен 1 см-ге дейінгі аралықта болып келеді. Ашық жарықтардың немесе газбен, сумен, мұнаймен тоғытылған жарықтардың ырсималылығы әдетте бір микроннан 20-25 микронға шейінгі аралықта болады. Бұларды "микрожарықтар" немесе "жарықшақтар " деп атайды. Микрожарықтардың яки жарықшақтардың ырсималылық көрсеткішінің ең жоғарғы деңгейі 100 микрон деп есептеледі, бұдан гөрі кеңірек жарықтас макрожарықтар немесе жай ғана жарықтар деген түсінікпен белгіленеп Микрожарықтар, немесе жарықшақтар өздерінің ырсию дәрежесіне қарай, капиллярлық (0,005-0,01 мм, немесе 5-10 мкм), субкапиллярлық (0,01-0,05 лис.1 немесе 10-50 мкм) және қылдай (0,05-0,10 мм, немесе 50-100 мкм) жарықшақтарға жіктеледі. Ашық жарықтардың ырсималыдығы жарықшақты тұтқыш таужыныстардың ең басты параметрлерінің бірі болып табылады.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}