Жарыспалы монтаж
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Жарыспалы монтаж – экрандағы кадрдың бір мезгілде екі оқиғаны қатар беруі.<ref>Тұрсын Қ., Нұсқабайұлы Ж. Теледидар сөздігі – тележурналист анықтамалығы. Оқу құралы. –Алматы, «Білім», 2001</ref>.
Жарыспалы монтажды оқиғаның маңыздылығын айқындай түсу үшін, оның аудиторияға берер әсерін ұлғайту үшін қолданады. Оның көмегімен экранда күрделі, терең идеялы, эмоциялық көңіл-күйді ұғындыратын, сюжетке серпіліс беретін оқиғаларды бейнелеу тиімді.
Жарыспалы монтаж әсіресе бір тұлға жайлы естеліктерде немесе төңкерістер жайлы телефильмдерде және т.б. қолданылады.
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Суретсіз мақала