Жарымес

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жарымес — адамның бұрынғы білімі мен тәжірибесі жоғалып, дүние тану қабілетінің жаңа мәліметтерді қабылдай алмайтындай нашарлауы. Жарыместік жүйке жүйесінің әр түрлі ауруларының (олигофрения, шизофрения, қояншық, жарақат, т.б.) салдарынан болады. Жарыместікке шалдыққан адамның ең алдымен ақыл-ой қабілеті кемиді, ұмытшақ болады, сезімталдығы нашарлап, мінез-құлқы өзгереді. Жарымес адам сылбыр болады, еш нәрсеге қызықпайды, еліктемейді, ашуланшақ, жылағыш келеді. Жарыместіктің уланудан, мидағы ісік әсерінен, кейде аса кәріліктен болатын (қ. Алжу) түрлері де бар.

Сілтеме

Қазақ энциклопедиясы

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жарымес|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}