Жарылқаушы Христос

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Елдің орталығынан жаңа астана салғанша (ол да мемлекет сияқты Бразилиа деп аталды) Оңтүстік Американың әсем қалаларының бірі Рио-де-Жанейро көптеген жылдар бойы Бразилияның астанасы болды. Атлант мұхитының жағалауынан бой көтерген Рио қаласы керемет жағажайларымен, заманауи зәулім үйлерімен, көне архитектуралық ескерткіштерімен (олардың ең ескісі XVI ғ. соңына жататын Сан-Бенту монастыры) даңққа бөленіп отыр. Бұлардан өзге қазіргі Римнің басты көрнекі жері - халық үстінде қалықтап жүргендей әсер қалдыратын Иисус Христостың алып ескерткіші болып отыр. Дәл осы ескерткіш әлемнің қазіргі кереметтерінің тізіміне кіріп отыр.

Шығу тарихы

Христостың зор ескерткіші - қала мен оның айналасындағы ең биік жерде, Коркуваду тауында (704 м.) қойылған. Таудың басына алып монумент қою идеясы XIX ғасырда-ақ көтерілген. Алайда, ескерткіш табанына алғашқы тас тар болғаны 1922 жылы Бразилия тәуелсіздігінің жүз жылдығына орай (оған дейін бұл ел Портуғалия отары болды) қойылып, тұғырын тұрғызу жұмыстары 1926 жылы басталды.

Жасалуы

Ескерткіштің мүсінін жасауға Поль Ландовскиге тапсырыс берілді. Ол Парижде Христостың басы мен қолын жасап (гипстен құйды), гипстен жасалған эскиздерді Бразилияға жіберді. Осы үлгілер бойынша тастан Иисустың қолдары мен басын қайта жасап, тастан денесін қашап, Коркуваду тауына бөлшек-бөлшек қылып тасып, жинап, тұрғызып, (жұмысқа басшылық жасап, қоршаған табиғаттың көрінісіне кіріктірген бразилиялық Эйтор да Силва Кошта) салтанатты түрде ескерткішті 1931 ж. ашады. Христостың ескерткіші сабынды тастан жасалған. Бұл өте жұмсақ, соған қарамастан жаңбыр, жел, күннің суытуы сияқты табиғат құбылыстарына өте төзімді. Қала үстінен төніп тұрған алып ескерткіш Рио-де-Жанейроның кез-келген жерінен мен-мұндалап көзге түседі. Иисіс қаланың барлық тұрғындарын жарылқап, дұға қылып, оларды зұлымдықтан сақтап тұрғандай құшағын кенінен ашып тұр. Ескерткішті жақыннан көрі үшін, Коркуваду тауына фуникулер, яғни арқанды жол арқылы көтерілу қажет.

Қызықты факт

Бір қызық жері - мүсіннің авторы Поль Ландовски Христос ескерткіші орнатылғаннан кейін 30 жылдан кейін қайтыс болған. Алайда, ол ешқашан Бразилияға барып, Рио-де-Жанейро тұрғындарының бәрі мақтанатын мүсінді көрмеген. Кейде бразилиялықтар монументтің нағыз авторы Э.Да Силва Кошта дейді.

Дереккөздер

'Әлем ғажайыптары' Мәскеу РОСМЭН 2012. ISBN 978-5-353-06044-4 УДК 087,5 ББК 92