Жарылқап Бейсенбайұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жарылқап Бейсенбайұлы<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref> 1947 жылы 10 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Молыке Шойманов ауылында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1969). 1969-1990 жылдары «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы болып істеді. 19901997 жылдары «Ана тілі» газетінің тұңғыш Бас редакторы болған. 1997 жылдың соңынан Қазақ ақпарат агенттігі директорының орынбасары, 2002 жылдан осы агенттік негізінен құрылған «ҚазАқпарат» Ұлттық компаниясы АҚ-ы Қазақ редакциясының бас редакторы. 2014 жылдың наурызынан "Мәдени мұра" жұрналының бас редакторы.

Еңбегі

«Шоқан ізімен» (1977), «Буырқанған бояулар» (1981), «Әдеп әлемі» (1982), «Жасын-тағдыр жарқылы» (1987), «Қазақ шежіресі» (1994), «Арғы түрктер ақиқатының ізімен» (2006)атты деректі-танымдық, эссе,зерттеу кітаптарының, "Шоқан" роман-эссесінің (2009) авторы. Бұл роман-эссе кітабы 2015 жылы орысшаға аударылып, оның таныстырылымы сол жылдың соңында Мәскеу қаласындағы Орыс Географиялық қоғамының штаб-пәтерінде өтті. Сонымен бірге 2015 жылы Астанадағы Түркі академиясының жобасы бойынша "Орталық Азиядағы арғытүрк сипатты мәдениеттер: этнотектік аспектілер" монографиясы жарық көрді <ref>“Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл. ISBN 9965-26-096-6; Қазақ әдебиеті газеті. №7-8. 19.02.2016</ref>

Жетістігі

Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері (1982), "Мәдениет қайраткері" (2006), филология ғылымдарының кандидаты.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub