Жару жұмыстары
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Жару жұмыстары — жарылғыш заттармен өткізілген жару жүмыстары. Жару жұмыстарын инженерлік әскер бәлімшелері немесе әскер түрінің арнайы дайындалған командалары орындайды. Олар:
- мина жарылғыш бөгеттер мен жарылмайтын инженерлік бөгеттер орнатуда,
- сонымен қатар оларда өтпелер жасауда;
- қарсыластың әр түрлі қорғаныс кұрылысын бұзу үшін;
- әскери маңызы бар объектілерді (көпірлер, жолдар, аэродромдар) қарсыластың өз мүддесіне пайдалану мүмкіндігінен айыру максатында жылдам қирату үшін;
- фортификациялық жұмыстар өндірісін жеделдету және жеңілдету үшін жер және жартас жыныстарын қопаруда;
- үйінділер мен қирауларды тазалауда, тағы басқа мақсаттарда қолданылады.<ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Сәулет және құрылыс / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ, 2006. - 280 6.ISBN 9965-808-83-Х</ref>
Дереккөздер
<references/>