Жарсай мұздығы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Жарсай мұздығы - Іле Алатауы орта тұсының солтүстік беткейіндегі аңғарда қалыптасқан. Талғар шыңы төңірегіне шоғырланған тұтас мұздықтар алабының қиыр шығыс шетінде (4560- 4600 м биіктікте) орналасқан. Мұздықтан Есіктің саласы - Жарсай өзенінен бастау алады.
Аумағы, жер бедері
Жалпы ауданы 5 км2, ұзындығы 4,6 км, таза мұзының көлемі 0,3 км3. Фирн алаңы 3760 метрден жоғарыда жатыр. Мұздық тілі 3410 м-ге дейін төмендейді. Жарсай өзенінің аңғарымен сел жиі жүреді, сондықтан Жарсай мұздығын кейде "Жындысу мұздығы" деп те атайды. 1963 жылы 7 шілдедегі лай тасқыны Есік қорғаны кемерін бұзып өтіп, көл шарасын сусыз қалдырды. <ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>