Жарасқан Әбдірашев
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Жарасқан Әбдірашев (7.03.1948 жыл, Арал ауданы Аманөткел ауылы - 10.02.2001 жыл, Алматы) — қазақ ақыны.
Өмірбаяны
- 1969 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.
- «Лениншіл жас» газетінің әдебиет пен өнер бөлімінде
- «Жалын» альманахының поэзия және сын бөлімінде редактор
- «Жұлдыз» журналының сын бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарған.
- «Тамаша» ойын-сауық отауында редактор болған.
Жарық көрген әдеби жинақтары
- «Тұңғыш кітап» (1969).
- «Ақ қайран» (1970).
- «Найзағайлы жаз» (1971).
- «Саяхат» (1972).
- «Парасат пен парыз» (1973).
- «Дала, сенің ұлыңмын» (1975).
- «Соғыстан соң туғандар» (1977).
- «Перзент парызы» (1980).
- «Сана соқпағы» (1988).
- «Әзілің жарасса» (1989).
- «Сана соқпағы» — 3 томдық тағдамалы жырлар жинағы (1998).
- «Көңіл көкпары» (1998).
- «Шежірелі шаңырақ» (1998).<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>
Арал қаласында бірнеше ғимараттар мен ескерткіштер орнатылған
Дереккөздер
<references/>