Жан құмарлық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жан құмарлық — жанға әуестік, жан аярлық дейтін тіркестерден құралған түсініктің күнделікті сөз қолдануымызда екіжақты мағынада айтыла береді:

  • Жанға әуестік — адамның бас пайдасын ойлап, өмірден, тіршіліктен рақаттанып ләззат алуды көздейді.
  • Жан аярлық — жанын қинамай, азапты бейнет көрмей қызықты өмір сүруді мақсат тұту.

Жан аярлықтың ұнамсыз ерекшелігі — аярлық. Аярлықтың бірнеше мағынасы бар: қулық-сұмдық, залымдық, айлакерлік. Жан құмарлық мінездегі өзіндік ерекшелік. Осы ерекшеліктің бір сипаты — аяршылық. Жан құмарлық адам мінезіндегі көбінесе ұнамсыз сипат ретінде менмендік пен эгоистікті білдіретін болғандықтан ондай пенделерді былайғы адамдар сый-құрмет тұтпайды. Оған сын көзімен қарайды. Жан құмарлық ұғымымен іргелес жаны құмар (құштар) дейтін түсінік бар. Бұл түсіініктің мәні ынтызар, ынтық болу, жаны құштар дегенді білдіреді. Жан құмарлықтың тағы бір ерекшелігі — сүйікті, қадірлі, қымбатты деген адам мінезінің бағалы жақтарын білдіретін атау-түсініктері де бар. Адамның даралық психологиялық сипат-ерекшеліктерін білдіретін мінездің қасиеттері мен сан қырлы сапалары жан жүйесінің құпиясы мол, әрі әр тарапты болатындығына айқын көз жеткіземіз.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}