Жан Қасымұлы Ботанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тексерілмеген мақала Үлгі:Тұлға Жан Қасымұлы Ботановқазақстандық қоғам қайраткері және бизнесмен, «Автомобильшілер Қоғамдық Одағы» ҚБ төрағасы және жетекшісі.

Өмірбаяны

Жан Ботанов 1984 жылы 26 қазанда Теміртау қаласында туған, Қазақстан.

2001 жылы 3 разрядты лаборант-программалаушы біліктілігін алды, ал бір жылдан кейін, орта мектепті аяқтаған соң, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің қолданбалы математика және информатика факультетіне мемлекеттік грантпен түсті, бірақ кейірінек тарих факультетіне халықаралық қатынас кафедрасына ауысты. Институтты аяқтаған соң Жан Ботанов «Заңгер» мамандығы бойынша екінші жоғары білім алды. Ал 2014 жылы – «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша экономика және бизнес магистрі дәрежесін алды. <ref name="Блог">Жан Ботановтың жеке блогы</ref>

«Ботан» стамотолгиялық емханасының директоры бола жүріп, 2010 жылдың желтоқсан айында Жан Ботанов тегін стоматологиялық көмек көрсету мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысуға құжаттарын тапсырды. 2011 жылы 14 қаңтарда конкурсқа қатысушылардың барлығын облыстық денсаулық сақтау басқармасына жинады, конкурс нәтижесі бойынша стамотологиялық қызмет көрсету үшін ақша емханаларға таратылды. Міне осы кезде емханалардың барлық директорлары Ботановқа ынтымақтастық туралы ұсыныс жасады. 20 қаңтарда кәсіпкер Ақтау қаласындағы аурухана және №1, №2, №3 емханалармен келісімшарт жасады, бірақ төлем жасау кешіктірілуіне байланысты барлық емханалармен келісімшартты бұзды, ал емделгені үшін төлем жасамағаны үшін ақтаулық аурухана басшылығын сотқа берді. Сонымен қатар, Батанов сәуір айында денсаулық сақтау басқармасы конкурсты заңсыз өткізді деген шағымын бас прокуратураға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне, президент әкімшілігіне, денсаулық сақтау министрлігіне жолдады. Жоғары лауазымды шенеуніктермен ол әрекеттер заңсыз болған деп расталды.<ref name="NV">Теміртау қаласында мемлекеттік тапсырыс төңірегіндегі жанжал артып келеді</ref> Осы жылдың тамыз айында, сот отырысы кезінде, кәсіпкерге қастық қылу әрекеті жасалды: белгісіз біреу «Оса» зақымдаушы пистолеттен бірнеше рет оқ атқан, Жан Ботанов автокөлігіне дейін жүгіріп жетіп үлгерген, бірақ білегінен жарақат алды.<ref name="KT">Теміртауда кәсіпкерге оқ атылған, ол жарақаттанған</ref> Стамотологиялық көмек көрсету мемлекеттік тапсырыс аясында 2011 жылы емханалар 1 млн. теңгеден 10 млн. теңгеге дейін ақшалай қаражат алды.<ref name="NV"/>

2012 жылы Жан Ботанов өзін өзі ұсынушы ретінде облыстық маслихатқа депутаттыққа кандитат болып тіркелген, бірақ сұрыпталғандар қатарында қалып, дауыс беруге дейін жетпеді.<ref name="zerkalo">Жанжалдар, шиеленістер, тергеулер</ref> 2013 жылы Жан Қасымұлы қатардағы азаматтарға әлеуметтік, құқықтық көмек көрсететін «Бірлік» қарағанды қоғамдық ұйымының Теміртау қаласында филиалын ұйымдастырды.<ref name="azattyq">Жас белсенділер қатардағы азаматтар қорғауға кірісті</ref>

2015 жылы қоғамдық қайраткер «Автомбильшілер Қоғамдық Одағын» құрды, бұл қоғамдық ұйым жарты жыл ішінде билік өкілдерінің 3 млн. теңгеден аса айыппұл төлеу бұзушылығын тіркеген. <ref name="liter">Полиция – бұзушылар және белсенді азаматтар мемлекет бюджетіне 1 млрд теңге шамасында табыс әкеле алады</ref> 2015 жылдың соңында ұйым машинаның алдыңғы терезелерін тонирлеуге (қараңғылауға) тиым салуға қарсы петицияға бастамашы болды,<ref name="lifepvl">«Тонирлеуді алып тастау» талап етілуде</ref> ал 2016 жылдың басында - шенеуніктердің айыпұлды екі есе көлемде төлеуі міндеттемелері туралы петиция жасады.<ref name="Tengrinews">Қазақстанда шенеуніктерге екі есе айыппұл салуды ұсынды</ref>

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер