Жан талдау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жан талдаупсихология ғылымында бұл ұғым психоанализ деп те аталады. Психоанализ гректің псюхэ — жан, анализ — талдау деген екі сөзінен құрылған. Қазақша мағынасы жан талдау дегенді білдіреді. Жан талдау — адамның саналы түрде мән-мағынасын нақты сөздермен жеткізуге келмейтін ниет-тілегі мен қажеттілігі. Ондай тілектерді қанағаттандыруда адам өзінің іс-әрекетінде туа біткен екі түрлі инстинкттен тұқым қалдыру (жыныстық ләззат) және өмірді жалғастырудан (өлімнен қорқу) құралады деген ой түйеді. Жан талдау бағытының негізін салушы австриялық психиатр З.Фрейд (1856-1939). Фрейд адамның санасыз әрекеті (жыныстық еліктеу) XX ғасырдың жиырмасыншы жылдарынан бастап кеңінен тарады. Бұл бағыт бойынша мінез-құлықтың түпкі себебін санасыздық әрекетке — психиканы талдауға әкеп тіреді. Осы негізге сүйене отырып, адамның дамуын әлеуметтік жағдайлардан толық бөліп алып қарастырады да, санасыздықты, биологиялық негізді алға тартады. Фрейд негіздеген психоанализ теориясының мәні — адамның әлеуметтік өміріндегі рөлі мен тіршілік еткен ортаның негізгі факторларының бірі екендігін жоққа шығарады. Фрейдшілдер жыныстық қатынас пен өлім үрейін алға тартып, адамдардың қоғамдық өмірдегі іс-әрекеттерін тұншықтырып тастайды. Сөйтіп, санасыз қылықтарға аса мән береді. Олар адамдардың жасампаздық істерінің бәрі де жыныстық қанағатка талпынудың көрінісі деп санайды. Фрейдшілдердің зерттеулерінде биологиялық факторлардың бірсыпыра әдіс-тәсілдерін адамның жан дүниесінің сырын түсіндіруде елеулі мәні болды. Ал сондай әдістердің теориялық құрылымы ғылыми тұрғыдан сындарлы сынға төтеп бере алмайды. Өйткені жан дүниесінің сан қырлы сипат-ерекшеліктері жан-жақты ғылыми зерттеулер арқылы ғана айқыңдала түсетін күрделі мәселе болып саналады.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}