Жан сыры

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жан сыры. Бұл сөздің психология тұрғысынан алғанда бірнеше мағынасы бар:

  • 1. Жан сыры— психологиялық процестердің мән-жайын, адамның даралық психологиялық сипаттарының ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан баяндай отырып түсіндіруді білдіреді.
  • 2. Адамның психикалық күй-жайы болып саналатын зейіннің, сезім мен эмоцияның, ерік-жігер қасиеттерінің сипат-ерекшеліктерін бейнелеуді де жан сыры деп атаймыз. *3. Жан сырының тағы бір мағынасы, адамның басынан кешкен оқиғалардың санада қалған бейнесі мен ізінің мазмұнын пайымдап білу ерекшеліктері.

Жан сыры біздің сана-сезіміміздегі болмыстың бейнесі. Ондай бейнелердің негізі — шындық пен ақиқат. Жан сырының сипат қасиеттерін қазақ халқының ақын-жазушылары өз туындыларында жан-жақты көркем сөзбен, поэтикалық тілмен де бейнелейді. Жан сыры тек психикалық процестер емес, тіршілік ету бейнесінің өзге түрлері арқылы да нәзік сезім күйлерімен қарым-қатынас жасаудың алуан тәсілдері арқылы да көрініс беріп отырады.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}