Жан Батист Ламарк

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ЛАМАРК Жан Батист Пьер Антуан де Моне Шевалье<ref name = "source1">Корсунская В., Три великих жизни, Л., 1968</ref><ref name = "source2">Кирсанов В., Великие ученые-естествоиспытатели, М., 1979</ref><ref name = "source3">Воронцов Н.Н., Развитие эволюционных идей в биологии, М., 2004.</ref> (1.8.1744, Базантен, Франция, Пикардия провинциясы — 18.12. 1829, Париж) — француз жаратылыстанушысы, ең алғаш эволюциялық теорияның (Ламаркизм) негізін қалаған ғалым, Париж ғылым академиясының мүшесі (1783). Зоопсихологияның негізін салып “Биология” терминін енгізген (1802). 1778 ж. 3 томдық “Франция флорасы” еңбегі жарық көрді. Бұл еңбегінде ол бірінші рет өсімдіктерді анықтаудың дихотомиялық принципін ұсынды. Ламарк алғаш рет (1794) жануарларды омыртқасыздар мен омыртқалылар деп бөліп, ғылымға “омыртқасыздар” ұғымын енгізді. “Омыртқасыздар жүйесі” (1801), “Омыртқасыз жануарлардың табиғи даму тарихы” (1815 — 1822) деген еңбектері омыртқасыздар зоологиясының дамуына үлкен ықпал етті. “Зоология философиясы” (2 томдық, 1809 ж.) еңбегінде Ламарк жануарлар әлемін 14 класқа және 6 “сатыға” бөлуді ұсынды. Ол бірінші болып буылтық (сақиналы) құрттар, моллюскілер мен буынаяқтылардың бір-біріне жақындығын көрсетті. Осы еңбегінде алғаш рет біртұтас эволюция теориясын жариялады. Ол түр тұрақтылығы ілімін жоққа шығарды, оның пікірінше жануарлар мен өсімдіктер әлемінің көп түрлілігінің барлығы дерлік алуан түрлі сыртқы факторлар әсерінің нәтижесінде түрлердің өзгеруінен пайда болады.

Өзге жұмыстары

Ламарк ботаникалық және зоологиялық еңбектерден басқа геология, гидрология және метеорология бойынша да еңбектер жариялады. 1799 — 1810 ж. “Метеорологиялық жылнамалар” журналының 11 томын шығарды. 1802 ж. шыққан “Гидрогеология” деген еңбегінде сол кезеңде үстемдік еткен апат теориясына қарсы шығып, жер бетінің сыртқы факторлардың әсерлерінен біртіндеп өзгеру теориясын ұсынды. Ламарк тірі затты өлі заттан ажыратуға мүмкіндік беретін 10 белгіні ұсынды. Соның нәтижесінде жасушалық теорияның ашылуынан 20 жыл бұрын Ламарк тірі заттың жасуша құрылысының жалпыға бірдей болатынын сипаттап берді. Сондай-ақ, адамның шығу тегі жайында да өз пікірін айтып, адамның дене құрылысы маймылға жақын деп көрсетті. Ламарктың эволюциялық ілімі Ч.Дарвинге үлкен әсерін тигізді. Ламарк палеонтология саласында да зерттеулер жүргізіп, 8 томдық “Париж аймағынан табылған қазба заттар туралы мемуарлар” (1802 — 1806) деген еңбегін жариялады. Өз заманында Ламарктың эволюциялық көзқарастары қатаң сыналып, толық мәнінде дәлелденбегендіктен кең тарала алмады.

Дереккөздер</span>

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жан Батист Ламарк|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}