Жанышталу белдемі
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Жанышталу белдемі - геологиалық даму тарихы бір-біріне үқсамайтын екі блоктың өзара жапсарласу өңіріндегі терең жарылым аймағынан көрініс беретін, динамометаморфизм және жапсарлы метаморфизм жағдайында өзгерістерге ұшыраған, сол сияқты күрделі түрде қатпарланған және жік-жапсарланған таужыныстардан тұратын, біршама ұзақ қашықтықтарға сағаланатын (ондаған, тіпті жүздеген км) белдемдер. Мұндай белдемдер планетаның терең қойнауларында қалыптасқан магмалардың, басқа да жоғары температуралы эманациялардың жоғары көтерілуіне өте қолайлы. <ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref>
Дереккөздер
<references/>