Жаныс сұлтан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жаныш сұлтан (15 ғасырдың орта тұсы — ө.ж.б.) — 16 ғасырдың басындағы ірі қазақ ұлыстарының бірінің билеушісі, Қазақ хандығының негізін қалаған ханның бірі Жәнібектің бесінші ұлы.


Оның қол астында жүз мыңға жуық халық болған. Жаныш сұлтанның есімі Фазаллах ибн Рузбихан ИсфаханидіңМихман наме-йи Бұхара” атты еңбегінде кездеседі. Онда өзбек ханы Мұхаммед Шайбанидің 1509 жылы қазақтарға жасаған жорықтары кезінде Жаныш сұлтанның ұлыстарымен де ірі шайқастар болып, Шайбани әскерлері жеңіске жеткені туралы баяндалады. Жаныш сұлтанның ұлы, белгілі қазақ сұлтандарының бірі Ахмет сұлтан тұтқынға түседі. Хамза сұлтан өзбектерге 1508 жылы Ахмет сұлтанның Мауераннахрға жасаған жорықтары кезінде мерт болған бауырының кегін қайтару үшін Ахмет сұлтанды өлтіруге бұйырады. Олар Ахмет сұлтанның басын кесіп алып, Мұхаммед Шайбани ханға апарады. Жаныш сұлтан өзінің қол астындағы халықтың бір бөлігімен Бұрындық ханға барып паналайды. Жаныш сұлтан туралы екінші дерек — Мұхаммед Хайдар ДулатидіңТарих- и Рашиди” атты еңбегінде Қасым хан мен Моғолстан ханы Сұлтан Саидтың 1513 жылғы кездесуіне байланысты айтылады. Онда Қасым хан Жаныш сұлтанды басшы етіп, 30 — 40 адамды құрметті қонақ Сұлтан Саидты күтіп алуға жібереді. Бұл Жаныш сұлтанның 60 жасқа қараған шағы екен. <ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жаныс сұлтан|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}