Жануарлардың жылыстауы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жануарлардың жылыстауы (Миграция животных; Үлгі:Lang-la— коныс аудару, кошу) — жануарлардың бір мекендеу орнынан басқасына "тура және кері" бағытта жүйелі, тұрақты орын ауыстыруы. Бұл тіршілік ету орнындағы жағдайлардың өзгеруіне немесе олардың даму цикліне байланысты болады. Кезеңдік көші-қон (жыл құстары, теңіз мысықтарының кезеңдік жылыстауы) немесе кезендік емес көші-қон (азық жетіспеуіне байланысты жылыстау) деп ажыратылады. Олар енжар (теңіз ағыстарымен әкетілетін дернәсіл, уылдырықтар, ересек дарақтар) және белсенді (шегірткелердің ұшуы, жыл құстары) болады. Көші- қонның азықтык (қорек іздеуде), қыстайтын (түйетабан едәуір жылы, терең суда топтанады, мүндай "қыстайтын шүңқырда" табан, көксерке, жайын, т.б. суық кезенді өткізеді) түрлері де бар. Енжар көші-қонға тұщы су жыланбалықтарын мысалға келтіруге болады. Олар тіршілігін Саргасс теңізінің тереңінде бастайды. Жас жыланбалықтардың дерносілдері Гольфстрим ағысының жылы суымен Солтүстік Американың шыгыс жағалауына 1 жылда, ал Еуропа жағалауына 3 жылда жетеді. Жағалауға жеткен соң, жапырақтәрізді жартылай мөлдір дернәсілдер жас жылан- балық болып өседі. Содан соң өзен бастауларына көтеріліп, ересек жыланбалыққа айналады. Ұргашылары 4—8 (еркегі 7 жыл) жылда теңізге кетеді. Саргасс теңізіне уылдырығын салып, содан соң өледі.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов.
– Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жануарлардың жылыстауы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}