Жанторсық
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Жан торсық - ыдыс-аяқ атауы.
Жан торсық - торсықтардың қарапайым түрі. Оның сыртында ою-өрнегі де, шытырасы да болмайды. Бұл малшылар мен жолаушылар сусын құйып, қанжығасына байлап жүруге арналған. Мұндай торсыққа сүт тағамдарымен қоса сусын көже құюға да болады. Жанторсықтың сірісі шимайторсық пен мүйіз торсықтың терісі секілді қатты болмайды.
Дереккөздер
- “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
- "Ұлттық атаулар - халық мұрасы"/Ә.Сүлейменова, Ү.Қарасайұлы - Шымкент,1999