Жанжабіл (дәмдеуіш)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ЖанжабілАптекалық жанжабілдің тамыр сабағынан жасалған дәмдеуіштер. Аспаздықта және медицинада қолданылады.

Түрлері

Дайындау тәсіліне байланысты Жанжабілдің 2 түрі айқындалады:

  • ақ жанжабіл — сыртқы қалың қабатынан тазаланған тамыр сабақтары;
  • қара жанжабіл — тазартып өнделмеген тамыр сабақтары.

Қара жанжабілдің иісі күштірек, дәмі ащылау болады.

Химиялық құрамы

Құрғақ тамыр сабақтарында:

Дәмдеуіштің ащы дәмін гингерол терпені береді.

Қолдануы

Аспаздықта дәмдеуіш ретінде көбіне жанжабілдің сұр-сары ұнтағын қолданады. Кондитерлік тағамдарға, ішімдіктерге, консервілегенде хош иістенгіш ретінде пайдаланады. Азия елдерінде суши және роллдардың қасына жеке түрінде беріледі, жанжабілдің бұл түрі гари деп аталады.

Медицинада жанжабіл тамыр сабағы (Үлгі:Lang-la) қабынуға қарсы дәрі ретінде ауыз қуысын, тамықты шаю үшін қолданады. Шикізаттан тұнбалар, тұндырмалар жасалады.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер