Жанболат Жұмабайұлы Үмбетов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жанболат Жұмабайұлы Үмбетов - 1961 жылы 7 маусымда Қостанай облысы Қарасу ауданының Қарасу ауылында туған. Қазақ. Әкесі - Үмбетов Жұмабай. Анасы - Үмбетова Сәлима Әбуқызы. А. Байтұрсынов атындағы Қостанай педагогикалық институтының тарих және педагогика факультетін бітірген (1986), тарих және қоғамтану пәндерінің мұғалімі, тәрбие жұмысы бойынша әдістемеші. Қазақ және орыс тілдерін біледі.

  • 1986 жылдан - Қостанай облысы Қарасу ауылының ОМ мұғалімі, директоры.
  • 1992 жылдан - Қостанай облысы Наурзым ауданы әкімшілігі басшысының орынбасары.
  • 1999 жылдан - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімінің орынбасары.
  • 2002 жылдан - Қостанай облысы Ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бастығы, Ішкі саясат департаментінің директоры.
  • 2005 жылдан бері - Қостанай облыстық Тілдерді дамыту басқармасының бастығы. «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен марапатталған. Діни көзқарасы - мұсылман.

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Дж. Неру.
Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Тұрақты дамыған демократиялық қоғам, экономикалық прогресс, азаматтардың әл-ауқатының артуы».
Хоббиі - аңшылық, балық аулау. Сүйіп оқитын әдебиеті - Ә. Әлімжанов, Э. Хемингуэй.

Үйленген. Жұбайы - Үмбетова Самал Сейіткерейқызы (1962 жылы туған). Ұлы - Үмбетов Әмір Жанболатұлы (1983 жылы туған); қызы - Үмбетова Дина Жанболатқызы (1987 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub