Жанат Рашитұлы Шұғаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жанат Рашитұлы Шұғаев 1960 жылы 16 тамызда Павлодар облысы Май ауданының Қызыл еңбек ауылында туған. Қазақ. Целиноград ауыл шаруашылығы институтын бітірген (1983), ғалым-агроном.

  • 1977 жылдан - Целиноград ауыл шаруашылығы институтының студенті.
  • 1983 жылдан - Павлодар облысы Павлодар ауданы «Маяк» кеңшарының агрономы.
  • 1985 жылдан - Павлодар аудандық ауыл шаруашылығы бірлестігінің бас агрономы.
  • 1989 жылдан - Павлодар облысы Павлодар ауданы «Маяк» кеңшарының партком хатшысы, 1990 жылдан - директорының орынбасары.
  • 1991 жылдан - Павлодар облысы «Павлодар БАТТ» ШК бас директоры.
  • 1997 жылдан - СҚО бойынша «БАТТ корпорациясының» өкілі.
  • 1998 жылдан - СҚО Аққайың ауданы «Смирнов элеваторы» АҚ директоры.
  • 2001 - СҚО «Қиялы астық» ЖШС директоры.
  • 2003 жылдан - СҚО Аққайың ауданының әкімі.
  • 2004 жылдан - СҚО «Мамлют ұн тарту комбинаты» ААҚ президенті.
  • 2006 жылдан - «БАТТ Агроинвест» ЖШС бас директоры (Көкшетау қаласы).
  • 2007 жылдан - «Бурабай агрофирмасы 2007» ЖШС бас директоры (Ақмола облысы Щучье ауданы).
  • 2009 жылдың қаңтарынан бері - Павлодар облысы Железинск ауданының әкімі. Щучье аудандық мәслихатының депутаты (2007). «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталған (2001).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub