Жанат Жаңқашұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Жазушы

Жанат Жаңқашұлы (1987 жылы туған) — ақын, журналист

Өмірбаяны

Ақын 1987 жылы 16 сәуірде Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Сарыобалы ауылында дүниеге келген. 2009 жылы академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің журналистика бөлімін тамамдаған. Өлеңдері облыстық, республикалық басылымдарда жарияланып тұрады. «Тәңір таңбасы» атты кітабы шыққан. Дәуітәлі Стамбеков атындағы сыйлықтың иегері.Қазан қаласында өткен халықаралық Ғабдолла Тоқай атындағы фестивальдың дипломанты. Еңбек жолын Қарағанды облыстық "Орталық Қазақстан" газетінде тілші болып бастаған. Жанат Жаңқашұлы Қарағанды аймағында "Орталық Қазақстанннан" кейінгі екінші қазақ тілді газет ашуды қолға алады. Бастамасы 2013 жылы жүзеге асып, кенді өлкеде "Арқа ақшамы" атты газет жарыққа шығады. Жанат Жаңқашұлы күні бүгінге дейін аталмыш газеттің бас редакторы қызметін атқарып келеді.