Жамбыл мұздығы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мұздық

Жамбыл мұздығыЖетісу (Жоңғар) Алатауының солтүстік беткейіндегі аңғарлық мұздық. Аңғардың басты бөлігін алып жатыр. Кіші Басқан өзенінің бастауында орналасқан. Мұздықтың тілі 3120 м биіктікте бітеді. Фирн межесі 3600 м биіктікте өтеді.

Аумағы

Мұздықтың ұзындығы 6 км, ашық бөлігі 5,3 км, ауданы 11,2 км2. Екі тармаққа бөлінген мұздықтар солтүстікке қарай созылған жалпы мұздықтың тілін құрайды. Мұздық аумағы жылына орта есеппен 2,5 м-ге қысқаруда. 1947 жылы мұздыққа альпинистер көтеріліп, оған Жамбыл Жабаев есімі берілген.

Бақылау жұмыстарының жүргізілуі

1956 жылы ҚазКСР-і Ұлттық ғылым академиясының География секторының (1983 жылдан институт) экспедициясы бақылау жұмыстарын жүргізді (абляция ауданы тілінің беткі биіктігін, оның бітуін өлшеу, мұздың қозғалу жылдамдығын анықтау және т.б.). 1957 жылы, 1959 және 1962-1968 жылдары бақылау жұмыстары қайта жүргізілді. 1966 жылы фототеодолиттік түсіру арқылы толықтырылды.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шаруашылығы. – Алматы, Мектеп, 2002.</ref><ref>Қазақ энциклопедиясы</ref><ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер