Жаманқұм (Алматы облысы)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ЖаманқұмСарыесікатырау құмының солтүстік-шығысындағы құмды алқап. Алматы облысы Қаратал ауданы жерінде. Қаратал өзенінің сол жағалауын бойлай 100 км-ге созылып жатыр. Құм төбешікті қырқалардың биікт. 3 – 7 м.

Сортаң сұр және сұр топырағында жусан, теріскен, еркекшөп, изен, солтүстік бөлігінде сексеуіл өседі. Жер асты суы 2-10 м терендікте, көбінесе, тұщы келеді. Қысқы, көктемгі мал жайылымы ретінде пайдаланылады.<ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер