Жаманжал

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ЖаманжалБалқаш өңірінде, Қаратал өзенінің төменгі сағасындағы құмды алқап. Алматы облысы Балқаш ауданы жерінде. Абсолюттік биіктігі 385 м. Батыстан шығысқа қарай 55 – 60 км-ге созылған, ені 30 – 35 км. Бедері қырқалы-жалды келген. Төрттік кезеңнің аллювийлі шөгінділерінен түзілген.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref> Ауданы 2000 км². Құмтөбе жіктердің биіктігі 1012 м. Жаманжал даласында шөлге төзімді шеңгел, жыңғыл, жүзгін, теріскен, жусан, батыс бөлігінде сексеуіл өседі. Жер асты суы кермек татиды және жер бетіне таяу жатады (2-3 м тереңдікте). Жаманжал даласы қысқы, көктемгі мал жайылымы ретінде пайдаланылады.<ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}