Жалғама

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жалғама (анастомоз); (лат. anastomosis — жалғама) - жануарлар организміндегі магистральды қан тамырлары бүйірлік тармақтарының өзара жалғасып байланысуы. Жалғама — құрьшысы мен жалғану сипатына байланысты артерия доғалары, артерия торлары, ғажап торлар, тамырлар өрімдері, артериола- венулалық жалғама болып бірнеше түрге бөлінеді. Артерия доғалары бір мүшені қоректендіретін бірнеше артериолаларды өзара доға тәрізді біріктіреді. Қан тамырлары соңғы тармақтарының өзара байланысып торлануын артерия торлары деп атайды. Ал екі артерия немесе вена тамырлары аралығындағы капиллярлар торын "ғажап тор" дейді. Ғажап торлар бауырда (вена капиллярларының торы) және бүйректе (артерия капиллярларының торы) кездеседі. Дене мүшелерінің әртүрлі жазықтық деңгейінде орналасқан қан тамырларының байланысып жалтасуынан тамырлар торабы түзіледі. Артериолалар мен венулалардың капиллярларға тарамдалмай, тікелей өзара байланысуынан артериола-венулалық жалғама пайда болады. Жалғама неғізінен қозғалмалы мүшелерде (қарын, ішек т.б.), аяқтар буындарында, тұлғада жақсы байқалады. Жалғама денедегі қан қысымын реттеумен қатар, айналма тармақтар түзіп, мүшелердің қанмен толық деңгейде жабдықталуын қамтамасыз етеді.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жалғама|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}