Жалтақтық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жалтақтық — мінездегі қорқақтық, жасқаншақтық, жиіркенішті, тұрақсыз, құбылмалы келетін ұнамсыз сипат. Жалтақтық адам мінезінің жотасы деп саналатын еріктің тиісті шешімге келе алмай, кім болса соның еліктіргіш сөзіне еріп кететін өзіндік тұрағы жоқ жалтақшылдықты да білдіреді. Ауыспалы мағынада жалтақтық қорқақтық, жалтақтықты білдіретін түсінік ретінде адам мінезіндегі солқылдақтық пен тұрақсыздықты білдіреді. Ондай пайым өз еркін де билей алмай әрбір нәрсені сылтау етіп жалтақтай беретін болады. Жалтақ болып, тайсақтай беру адам мінезіндегі ұстамсыздықты білдіретін жеккөрінішті қылық, ерік-жігерсіздікті көрсететін ұнамсыз сипат. Жалтақтықпен күресудің тиімді әдісі артқа қарайлай бермей, алаң болмай, межелі мақсат-міндетті орындауға жан қуаттарын бағдарлау. Тайсалақтамай, жан-жағына қарайлап, алаңдамай, қандай іске болса да батыл кірісіп, мүлделі мақсатын орындау.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}