Жалпылама лексика

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жалпылама лексика адам баласының күнделікті күнкөріс тіршілігіне ең қажетті заттар мен құбылыстарға қатысты жалпы танымал сөздерді қамтиды. Бұлар ешқандай мамандык пен кәсіпке қарап жарылып бөлінбейді, бір тілде сөйлейтін барлық адамға ортақ болып жұмсала береді. Сондықтан да бұлар жалпылама лексика деп аталады. Мысалы: ауа, су, тамақ, үй, мал, нан, ағаш, көру, істеу, ішу, жеу, қоректену, суару, үлкен, кіші, жақын, ақ, қызыл, мен, сен, бес, он, жүз, мың, алға, кейін, төмен, жоғары, озық, үшін, дейін, сияқты т. б. Бұл сөздер малшыға да, егіншіге де, жұмысшыга да, аңшыға да, балықшыға да, ақынға да, ғалымға да, бір сөзбен айтқанда, қазақша тіл білетіндердің бәріне бірдей қызмет етеді. Жалпылама лексика - қатысты сөздер стильдік мәиі жағынан бейтарап болады да, қолданылу жағынан ещқандай шек қойылмайды, барлық стильге бірдей, ортақ мәнді қызмет атқарады. Осындай сипатына қарай жалпылама лексика тіл білімінде бірде стиль аралық сөздер (межстилевая лексика) бірде бейтарап сөздер деп те аталады. Бұл топқа енетін сөздер дүниедегі зат атауларын, қимыл-қозғалыстарды, сан-сапа мөлшерін ешбір қосымшасыз нақ болған күйінде алып дәл көрсетеді. Жалпылама лексикаға тән сөздерде әркімнің өзіндік жагымды, жағымсыз немесе артық, кем түрліше көзқарасы көрсетілмейді. Әр сөз өзі болған калпында тура мағынасында жұмсалады. Мысалы: Москвадан ұшқан ұшақ Алматыға дәл уақытында ксліп конды. Мал бныл қыстан күйлі шықты. Бүгін ауа райы ашық болды. Дарын өткен жылы университетті бітірді. Кеттірілген сөйлемдердегі әрбір сөз тек өзінің тура мағыналарында ғана колданылып тұр. Сонымен қатар осында қанша сөз болса, соныц бәрі де казақ тілінде жалпылама лексикаға жататын сөздер. Жалпылама лексика бүкіл сөздік құрамдағы сөздердің сан жағынан ең көбі, тілдегі сөз байлығының негізін құрайды. Бұл сөздер мейлі жазба тілде, мейлі сөйлеу тілінде болсын, қайда қолданылса да, жалпы халықтікі. Өте-мөте түсініктілігімен, анық-айқындылыгымен, табиғи да, қарапайымдылығымен бірден көзге түседі.

1. Жалпылама лексикаға жататын сөздер өзінің тура мағынасынан ауытқып, басқадай контекстке түскенде ғана әр түрлі экспрессивті мәнге ие болады. Мәселен, “Көйлектің кірі жуса кетеді, көңілдің кірі айтса кетеді” дегендегі кір деген сөз екі түрлі мағынада жұмсалып тұр. Алгашкы сөйлемдегі кір - таза емес деген өзінің тура мағынасында қолданылса, соңғы сөйлемде кір - метафоралық ауыспалы мағынада келіп, өкпе, реніш деген ұгымда жұмсалған. Сол сияқты “Су жерді көгертеді, еңбек ерді көгертеді” деген мақалдағы "көгертеді" деген етістік те екі түрлі ұгым тудырып тұр. Алғашқысында тура мағынада жерге өсіп, көктейді дегенді түсінсек, соңғысында адамның атақ-абыройға ие болуы, даңққа бөленуі бейнеленген. Демек, жалпылама лексикаға қатысты сөздер де өзгермейтін томаға тұйық сөздер смес, бұлар да басқадай синтаксистік қүрылым мен өзгедей грамматикалық форманың қарауына түскенде солардың ықпалына жүріп, ырқына көнеді де, түрліше мән алып отырады.