Жалпақсор соры (Ақтөбе облысы)
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Жалпақсор - Шұбартөбе шоқысының солтүстігіндегі сор. Ақтөбе облысы Шалқар ауданында. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай доға тәрізді созылған, ұзындығы 21 км-ге, енді жері 6,5 км-ге жетеді. Маңайында бірнеше бұлақтар, ұсақ көлдер бар. Солтүстік-шығысында Тентексор қонысы мен Мелдеккөл көлі жатыр. Сор шаруашылыққа пайдалануға жарамсыз.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref><ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>
Дереккөздер
<references/>