Жалаң сөйлем
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Жалаң сөйлем— тек тұрлаулы мүшеден ғана құралған жай сөйлемнің түрі.
Жалаң сөйлем тек қана бастауыштан немесе тек қана баяндауыштан тұруы, я болмаса қос тұрлаулы мүшелі жай сөйлемнен болуы да мүмкін. Жалаң сөйлемнің басты белгісі — бір тұрлаулы мүшенің немесе екі тұрлаулы мүшенің жай сөйлемге тән хабарламаны қамти алатындығы және сөйлемнің тұтастығы болып табылады. Тарихи жағынан алғанда, жалаң сөйлем сөйлемнің басқа түрлерінен ерте қалыптасқан. Жалаң сөйлем сөз таптарының қатысына қарай есімді де, етістікті де бола береді.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>
Дереккөздер
<references/>