Жалаңаш (Қызылорда облысы)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан

ЖалаңашҚызылорда облысының Арал ауданындағы ауыл, Мергенсай ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны

Аудан орталығы - Арал қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 59 км-дей жерде, Үлкен Сарышығанақ көлінен солтүстік-батысқа қарай орналасқан.

Тарихы

Бұл жерді "Жамбыл", "Бірлестік" деп те атайды. Бұрын "Жамбыл", "Бірлестік" балық колхоздары бірігіп, осы жерде "Жамбыл" колхозы құрылған. 1997 жылы Жамбыл өндірістік кооперативі болып қайта құрылған. Жалаңашқа Мергенсайдағы, Үшшоқыдағы, Сарықұмдағы тұрғындар көшіп келіп, Жалаңаш ауылы болып қайта құрылған. Ауыл маңында ешқандай ағаш, өсімдік өспейтіндіктен, «жалаңаш жел өтіндегі мекен» мәнінде қойылған атау. <ref>« Қызылорда облысының жер-су атаулары», Қызылорда, 2013</ref>

Халқы

Тұрғыны 681 адам (2009).

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Арал ауданы елді мекендері