Жалақы және еңбектi нормалау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

1. Жұмыс берушi осы Заңға, жеке еңбек, ұжымдық шарттарға сәйкес қызметкердiң еңбегiне ақы төлеуге мiндеттi. 2. Қызметкерлердiң еңбегiне ақы мерзiмдiк, кесiмдi түрде немесе еңбекке ақы төлеудiң өзге де жүйелерi бойынша төленедi. Ақы төлеу еңбектiң жеке және/немесе ұжымдық нәтижелерi үшiн жүргiзiлуi мүмкiн. 3. Қызметкердiң жалақысы орындалатын жұмыстың саны мен сапасына, күрделiлiгiне қарай белгiленедi. Қызметкерлердiң өндiрiс тиiмдiлiгi мен жұмыс сапасын арттыруға материалдық мүдделiлiгiн күшейту үшiн жыл iшiндегi жұмысының қорытындысы бойынша сыйлық, сыйақы беру жүйесi және материалдық көтермелеудiң басқа да нысандары енгiзiлуi мүмкiн. 4. Ұйымдарда еңбекке ақы төлеу жүйесi ұжымдық шарттармен немесе жұмыс берушiнiң актiлерiмен белгiленедi. 5. Жұмыс берушi қызметкерлерге қойылатын бiлiкт iлiк талаптары мен жұмыстардың белгiлi бiр түрлерiнiң күрделiлiгiн жұмыстардың және жұмысшылар кәсiптерiнiң бiрыңғай тарифтiк-бiлiктiлiк анықтамалығы, басшылар, мамандар мен басқа да қызметшiлер лауазымдарының бiлiктiлiк анықтамалығы негiзiнде белгiлейдi. Аталған анықтамалықтарды әзiрлеу мен оларды қолданудың тәртiбiн еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган айқындайды. Жұмыс берушi орындалатын жұмыстарды белгiлi бiр күрделi жұмысқа жатқызуды және қызметкерлерге бiлiктiлiк разрядтарын берудi жұмыстардың және жұмысшылар кәсiптерiнiң бiрыңғай тарифтiк-бiлiктiлiк анықтамалығында және басшылар, мамандар мен басқа да қызметшiлер лауазымдарының анықтамалығына, сондай-ақ қызметкерлердiң жекелеген санаттары үшiн белгiленетiн үлгiлiк бiлiктiлiк талаптарына сәйкес дербес жүргiзедi.

71-бап. Жалақының мөлшерi

Жалақының мөлшерiн жұмыс берушi дербес белгiлейдi және ол Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген ең төмен жалақы мөлшерiнен кем болмауы керек.

72-бап. Қызметтердi қоса атқару (қызмет көрсету аймақтарын кеңейту) және жұмыста уақытша болмаған қызметкердiң мiндеттерiн орындау кезiндегi жалақы

1. Белгiлi бiр ұйымда өзiнiң жеке еңбек шартымен келiсiлген негiзгi жұмысымен қатар өзiнiң негiзгi жұмысынан босатылмастан басқа қызмет немесе уақытша болмаған қызметкердiң мiндетi бойынша қосымша жұмысты орындайтын қызметкерлерге қосымша ақы төленедi. 2. Қызметтердi қоса атқарғаны (қызмет көрсету аймақтарын кеңейткенi) немесе жұмыста уақытша болмаған қызметкердiң мiндеттерiн орындағаны үшiн қосымша ақылардың мөлшерiн қызметкермен келiсiм бойынша жұмыс берушi белгiлейдi. ===73-бап. Мерзiмнен тыс жұмыстарға, мереке және демалыс күндерiндегi жұмыстарға ақы төлеу. 1. Мерзiмнен тыс жұмысқа ақы бiр жарым есе мөлшерiнен кем төленбейдi. 2. Мереке және демалыс күндерiндегi жұмысқа ақы екi еседен төмен болмайтын мөлшерде төленедi. 3. Мереке және демалыс күндерiндегi жұмыстарға төленетiн өтемақы қызметкердiң тiлегi бойынша қосымша демалыс күнiмен ауыстырылуы мүмкiн. 4. Түнгi уақыттағы жұмыстың әрбiр сағатына ақы бiр жарым есе мөлшерiнен кем төленбейдi.

74-бап. Бос тұрып қалған уақытқа ақы төлеу

1. Жұмыстың бос тұрып қалған уақытына ақы төлеудiң тәртiбi мен талаптары жеке еңбек немесе ұжымдық шарттармен белгiленедi. 2. Қызметкердiң кiнәсiнен бос тұрып қалған уақытқа ақы төленбеуге тиiс. 3. Жұмыс берушiнiң кiнәсiнен болған iркiлiс уақытына ақы төлеудiң тәртiбi мен талаптары жеке еңбек шартымен немесе ұжымдық шартпен айқындалады және ол орташа айлық жалақының елу процентiнен кем болмайтын мөлшерде белгiленедi.

75-бап. Еңбек нормалары

1. Еңбек нормалары (жұмыс iстеу, уақыт, қызмет көрсету нормалары) еңбек шығынының өлшемi болып табылады және қызметкер үшiн техниканың, технологияның, еңбек өндiрiсiн ұйымдастырудың қол жеткен деңгейiне сәйкес белгiленедi. 2. Еңбек нормаларын енгiзудi, ауыстыруды және қайта қарауды жұмыс берушi жүргiзедi. Еңбектiң жаңа нормаларының енгiзiлетiнi туралы қызметкерлерге кемiнде бiр ай бұрын хабарланады. Еңбектiң үлгiлiк (бiрыңғай) нормаларын ауыстыруды және қайта қарауды еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның келiсiмiмен оларды бекiткен органдар жүзеге асырады. 3. Қызметкерлердiң жұмыс iстеу нормаларын орындауы үшiн жұмыс берушi қалыпты еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге мiндеттi. 4. Он сегiз жасқа толмаған қызметкерлер үшiн жұмыс iстеу нормалары жеке еңбек шартына сәйкес он сегiз жасқа толмаған адамдарға арналған жұмыс уақытының ұзақтығына бара-бар қысқартылған ересек қызметкерлерге арналған жұмыс iстеу нормаларын негiзге ала отырып белгiленедi.

76-бап. Жалақы төлеу мерзiмдерi

1. Жалақы ақша нысанында және келесi айдың бiрiншi он күндiгiнен кешiктiрiлмей төленедi. Жалақы төлеу күнi жеке еңбек, ұжымдық шарттарда көзделедi. 2. Жалақы төлейтiн күн демалыс немесе мереке күндерiне тура келген жағдайда, оны төлеу олардың қарсаңында жүргiзiледi. 3. Жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жалақы, ал қызметкермен жеке еңбек шарты бұзылған кезде — оған тиесiлi басқа да төлемдер белгiленген мерзiмдермен салыстырғанда кешiктiрiлген кезде жұмыс берушi қызметкерге берешек пен өсiмақы төлейдi. Өсiмақының мөлшерi жалақы төлеу жөнiндегi мiндеттемелердi орындау күнiне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландыру ставкасы бойынша белгiленедi және төлем жүргiзiлуге тиiс болған күннен кейiнгi күннен бастап әрбiр кешiктiрiлген күнтiзбелiк күн үшiн есептелiп төленген күнмен аяқталады. 4. Жеке еңбек шарты бұзылған жағдайда қызметкерге тиесiлi барлық сомаларды төлеу соңғы жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.

77-бап. Жалақы төленетiн орын

1. Қызметкерлерге жалақы төлеу, егер жеке еңбек, ұжымдық шарттарда өзгеше көзделмесе, әдетте, олардың жұмысын орындайтын жерiнде жүргiзiлуге тиiс. 2. 2. Тұрақты жұмыс орнынан тыс жерде (iссапарда, тапсырысшының ұйымдарында және басқаларында) жұмыс берушiнiң тапсырмасын орындаушы қызметкердiң жалақысын жеткiзудi жұмыс берушi өз есебiнен қамтамасыз етуге тиiс.

78-бап. Қызметкердiң орташа жалақысын есептеу тәртiбi

3ейнетақы төлемдерiн, еңбекке уақытша жарамсыздық, жүктiлiк пен босану жөнiндегi жәрдемақыларды және басқа да төлемдердi есептеу үшiн ұйымдар қызметкерлерiнiң орташа жалақысын есептеу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.

79-бап. Жалақыдан ұстап қалу

Қызметкердiң жалақысынан ұстап қалу сот шешiмi бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда жүргiзiледi. (Z980253 қараңыз) Қызметкердiң жалақысын бiр немесе бiрнеше атқарушы құжаттар бойынша өндiрiп алған кезде оның жалақысының кемiнде елу процентi сақталуға тиiс.<ref>Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Заң {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}