Жайық сырты бөлігін басқару жөніндегі уақытша комитет

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жайық сырты бөлігін басқару жөніндегі уақытша комитет - Жайық өзенінің сол жағалауын қоныстанған қазақ ауылдарын басқару мақсатында 1917 ж. Ақпан революциясы жеңісінен соң құрылған атқарушы орган. Сол жылғы 7 наурызда құрылған Жайық сырты бөлігін басқару жөніндегі азаматтық комитеттің мирасқоры. Ұлттық интеллигенция мен ел өкілдерінің сол жылғы 10 наурызда Орал қаласында өткен бас қосуында таратылған айтылмыш комитеттің орнына ел тыныштығы мен бүтіндігін сақтау және әскерге, халыққа азық-түлік дайындау мақсатында жасақталды. Төрағасы болып F. Әлібеков, мүшелері болып Д. Кусепқалиев, Б.Қаратаев, Ы.Тоқберлиев, Ә.Әйтиев сайланды. Құрылтай жиналысында бұр. азаматтық комитетке мүше болған А. Әбеновтің жандарм басқармасына «Жоффер» 260 деген лақап атпен қызмет еткен арандатушы екендігі жария етілді. Сол шамада оңшыл әсер Фомичевтің төрағалығымен құрылған Орал облыстық азаматтық комитетіне Жайық сырты бөлігін басқару жөніндегі уақытша комитет атынан мүше етіп Күсепқалиев, Әлібеков және Қаратаев енгізілді. Бас қосуда Уақытша комитеттің бүдан соңғы қызмет бағдарламасын түзу мақсатында ел өкілдерінің съезін шақыру жөнінде шешім қабылданды. Кейінірек Уақытша комитет мүшелері және Оралға келген ЖДосмухамедов, Н.Ипмагамбетов, Х.Досмухамедов, Б.Жанқадамов, Е.Қасаболатов, И.Қашқынбаев, К.Жәленов, т.б. ұлттық интеллигенция өкілдері қатарынан Орал облыстық қазақтарының съезін өткізу жөніндегі ұйымдастыру бюросы құрылды. Наурыз-сәуір айларында съезге қызу дайындық жүргізілді. Елдің бас көтерер адамдарына, ақсақалдарға, дін иелеріне шақыру жолданды, болыс-уездерде съезге делегат сайлау науқаны өрістетілді. Жайық сырты бөлігін басқару жөніндегі уақытша комитет 1917 ж. 19 сәуірде басталған 1-Орал облыстық қазақ съезінде таратылып, комитет құрамы өз өкілеттілігін сол съезде сайланған Орал облыстық қазақ комитетіне табыстады.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жайық сырты бөлігін басқару жөніндегі уақытша комитет|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}