Жайық сазы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Жайық сазы» - Ақжайық ауданындағы халықтық фольклорлық ансамбль. 1987 ж. бұрынғы Тайпақ ауданының Мәдениет үйі жанынан құрылды. 1989 ж. оған «халықтық ансамбль» атағы берілді. Жетекшісі - Құрманғазы атындағы Орал музыкалық училищесінің түлегі С. Зинетов. Ансамбль мүшелері әр түрлі көне ұлттық аспаптарда ойнады. «Жайық сазы» көптеген байқауларға қатысып, өнер көрсетті. 1987 ж. облысы «Ата-баба жолымен» атты театрландырылған көрініске қатысып, 1988 ж. «Одағым үшін ән салам» атты фольклорлық мерекеде, 1991 ж. Ақмола қаласында өткен фольклорлық ансамбльдер байқауында дипломант атанды. Фольклорлық ансамбль репертуарында халықтың «Әгугай», «Арман-ай», Біржан салдың «Көкек», Ақан серінің «Қараторғай» әндері, халық күйлері, билері бар.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>

«Жайық сазы» фольклорлық ансамблі бұрынғы Тайпақ ауданы Калмыков селосында ғы аудандық мәдениет үйі жанынан 1981-1982 жылдарда құрылды.Алғашқы құрылған мезгілдегі аспаптық құрамы домбыра,қобыз,прима,аккардеон, бас домбыра болды. Алғашқы жетекшісі Октябрь Шамаров(Атырау мәдени ағарту училищесінің түлегі) Осы құрылған құраммен аудан шаруашылықтары еңбеккерлерімен облыс орталғы Орал қаласында бірнеше дүркін байқауларға қатынасып жүлделі орындарды иеленіп жүрді. 1988 жылы ансамблдің материалдық базасы сахналық киімдермен (Москва қаласында тіктірілген),асатаяқ, сылдырмақ, қоңырау, дабыл,шаңқобыз,сазсырнай секілді аспаптармен толықтырылып, ансамбльдің құрамдық сапасы нығая түсті. Осы 1988 жылы желтоқсан айында Алматы қаласында ансамбльдер байқауына қатынасып,ансамбль халық тық атағын алуға болады деген байқаудың қазылар алқасының ризашылығын алып келді. 1989 жылы ақпан айында ансамбль халықтық атағын алғаннан кейін Целиноград (кәзіргі Астана) қаласында сал серілер байқауына Қатынасып лауреат атанды.Осы жылдың шілде айында Ресейдің Астрахань қаласына осы облыстың қазақ аудандарына концерттік сапармен шығып,ресейлік қандастарымызды өз өнерлерімен риза етіп қайтты.Ансамбль қәзіргі уақытта да ауыл тұрғындарына өз өнерлерін көрсетіп келеді. Ансамбльдің кәзіргі (1990 жылдан бастап) жетекшісі Ақтөбе мәдени – ағарту училищесінің түлегі Қ.М.Құсайын.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub