Жайық-Шалқар суғару жүйесі
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Жайық-Шалқар суару жүйесі–Жайық өзенінің сол бетінде, Ақжайық ауылынан оңтүстік бағытқа қарай 2 км жерде орналасқан суғару жүйесі.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>
Суы Жайық өзенінің сол жағынан екі сорғы станциясы арқылы алынады. 1977 жылы пайдалануға берілді. Ұзындығы — 45 км, арнасынан секундына 5,0 м3 су өтеді. Канал 4,0 мың га егістік суару, 41,5 мың га жайылым суландыру және Шалқар көлінің деңгейін көтеру мақсатында салынды. Канал бойында мал суару орындары (суат) ұйымдастырылған.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, Мектеп, 2002.</ref>
Дереккөздер
<references/>