Жайылмалы экожүйелер
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Жайылмалы экожүйелер (Пойменные экосистемы) — өзен бойындағы экожүйелер.
Ерекшеліктері
Өзен бойында орналасқандықтан, сол өзендердің жылдық режімдеріне тікелей байланысты. Әдетте, көпшілік өзен бойындағы экожүйелер көктем, кейбір жылдары жаз айларында су тасыған кездерде су астында қалып, олардың бетіне сумен келген шөгінді жыныстар жиналады. Топырақтары әр түрлі қабатты, аллювийлі шымды-шалғынды. Ылғалмен жақсы қамтамасыз етілгендіктен, бұл экожүйелер жақсы өнім береді. Көбінде шабындық, ретінде, ал кейбір жағдайларда бақша егістері үшін пайдаланылады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, Мектеп, 2002.</ref>
Тағы қараңыз
- Жайылма топырағы;
- Жайылмалық аңғар;
- Жайылмалық батпақ;
- Жайылмалық көл;
- Жайылмалық көлтабан;
- Жайылмалық көптармақтық;
- Жайылмалық шөгінділер;
- Жайылманың шым топырағы;
- Жайылманың шым-батпақты топырағы.
Дереккөздер
<references/>