Жайсаң жандар (кітап)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жайсаң жандар - 1970 жылы Алматы қаласындағы «Жазушы» баспасынан орыс тілінде жарық көрген естелік кітап; көлемі 12,02 баспа табақ. Авторы - академик Қ.Жұмалиев. Қазақ тілінен орысшаға аударған және алғы сөзін жазған К.Алтайский. Естелік кітапта қазақ кеңес әдебиетінің негізін салушы, Қазақстан мәдениетінің көрнекті тұлғалары жайында әңгімеленеді.

Осы кітаптың «Өнегелі өмір» атты тарауында академик Қаныш Сәтбаевтың өмір жолына қысқаша тоқталып, өзі куә болған 1943 жылы қыс айында Алматы қаласына уақытша көшіп келген «Мосфильм» мен «Ленфильм» киностудияларының қызметкерлері, өнер қайраткерлері мен Қазақстан жазушы-әдебиетшілерінің біріккен мәжілісінде сөйлеген сөзін еске алады. Автор онда Сәтбаев Қазақстан жайлы, Қарсақбай, Жезқазған, Қоңырат, Қарағанды, Шымкент қорғасын зауыты, Ақтөбе химия комбинаты, қазақтың көп ғасырлық фольклоры мен көп жанрлы әдебиеті, шет ел фольклоры, қазақ кеңес әдебиеті, қазақ жазушылары, қазақ әдебиетінің болашағы жайлы бағалы пікірлерін айта келе, Мәскеу, Ленинград кино шеберлерін Қазақстан жазушылары мен кино қызметкерлерімен бірлесіп жұмыс істеуге, жаңа сценарийлер жазып, заманға сай фильмдер түсіруге шақырған ой-пікірлерін тарқатып айтады.<ref>Қаныш Сатпаев. Энциклопедия / Бас редактор Б.Ө.Жақып. — Алматы «Қазақ энциклопедиясы», 2011 жыл. ISBN 9965-893-74-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жайсаң жандар (кітап)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}