Жайнақ батыр

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Жайнақ батыр (шамамен 1705, Алматы облысы Қаратал өзенінің жағалауы — 1790, сонда) — жоңғар шапқыншылығына қарсы соғыстарға қатысқан батыр. Ұлы жүз құрамындағы жалайыр тайпасының мырзасәбден аталығынан шыққан. “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” жылдары Жайнақ батыр Іле мен Қаратал өзендерінің аралығындағы елдің басын біріктірген Ескелді би Жылгелдіұлы, Балпық Дербісәліұлы және Қабан (Қабылиса) жырау Асанұлының қасында болған. Жайнақ батыр жоңғарларға қарсы соғыстарда қол бастаған, елшілік қызмет те атқарған. Ел аузындағы аңыздарға қарағанда, көмекейі кең, дауысы аса қатты адам болған. Жайнақ батыр осы қасиетін жауға қарсы шайқас үстінде пайдаланған. Өз замандастары Бекен Тұрлымбетұлы, Тәттібай мерген, ағайынды Малтабар, Құлжан батырлар, Дарабоз ана, т.б. адамдармен бірге Жетісу жерін басқыншы жаудан азат етуге ат салысқан. Жайнақ батырдың бейіті Талдықорған қаласының маңындағы “Еңбек” аулында.

Сілтемелер

Қазақ энциклопедиясы

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub