Жад қорғанышының кілті

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Жад қорғанышының кілті (Ключ защиты памяти) — әрбір программаға операциялық жүйе тағайындап беретін шарттаңба. Ол не қалып-күйлер сөзінде, не осы программаға бекітілген арнаулы регистрлерде сақталады және жадты қорғау құралдарының бірі болып табылады. Қолданбалы программа жадқа қатынас құрған сайын оның шарттаңбасы регистрде сақталып тұрған шарттаңбамен салыстырылады. Жадқа рұқсатсыз жазудан қорғайтын кілттің белгілі бір бөлігі қолданбалы программа кілтінің тиісті бөлігімен дәл келген кезде ғана жадқа қатынас құруға болады.

<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі:Информатика және компьютерлік техника/ Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдаламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов.

– Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub