Жадышы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жадышы, жайшы, жадыгер — түркі халықтарының аңыз-әңгімелерінде соғыс кезінде аспаннан түскен сиқырлы тас “жадының” көмегімен жау әскері үстіне қар, нөсер жауын жаудырып, найзағай түсіретін адамдар. Мысалы: Тәуке хан заманында садыр руынан шыққан Алдияр батыр жаңбыр, қар жаудырып, тұман тұрғыза алған. Түркілер арасында осындай өнер иелері болғаны жөнінде өткен ғасырлардағы орыс саяхатшылары еңбектерінде кездеседі. Атап айтқанда, Палластың айтуынша, “Жадыгер — жауды сиқырлап, тұтқынға түсіреді”, ал Фальктің жазбаларында “жайшы — тастың көмегімен жауын, найзағай шақырып, желді тоқтатады” делінген. Жадышылардың қыпшақтарда да болғаны жазба деректерінде айтылады. Кейіннен бұл сөздің әскер ісімен байланыстылығы ұмытылып, сиқыршылық өнердің атауына айналған.

Сілтемелер

Қазақ энциклопедиясы

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жадышы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}