Жадты басқару

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жадты басқару (Управление памятью; memory managment) — бар жадты есепке алу және программалар арасында үлестіру, сондай-ақ оған қатынас құруды жасақтау. Ж.б-дың мақсаты сақтауыш құрылғының әрбір типіне қатынасулардың ең жоғарғы тиімділігін және бар жадтың программалар арасында ұтымды үлестірілуін жасақтау болып саналады. Бірінші жағдайда дискіні бүркемелеу мысал бола алады, яғни тым жиі пайдаланылатын диск секторларын жедел жадқа сақтау ұйымдастырылады. Екінші жағдайда дискі мен жедел жад арасындағы беттік алмасуы бар виртуаль жадты ұйымдастыру. мысал бола алады. Ж.б. аппараттық және программалық құралдармен, сондай-ақ пайдаланушы әрекетімен жүзеге асырылады. Мыс., мәліметтерді жедел жадтан бүркеме-жадқа ауыстыру аппараттық жолмен орындалады, ал дискіні бүркемелеуді әкімші немесе бүркеме диспетчері деп аталатын тұлғалық программа басқарады. Ж.б. міндетін аткаратын программалар супердидарлар деп аталады және олар операциялық жүйенің құрамына кіреді.

<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған, түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А. Қ. Құсайынов.

– Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жадты басқару|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}