Жабық жотасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тау

Жабық Жетісу Алатауы тауының шығысында орналасқан жота, Алакөл өңірінің жазғы жайлауы. Теңіз деңгейінен 2500-2600 м биіктікте жатыр.

Жер бедері

Абсолюттік биіктігі 3130 м. Жазғы жайлауға Тік, Қарағайлы және Көл асулары арқылы шығуға болады. Тау шатқалында Жасылкөл көлі орналасқан. Суы мөлдір, таза. Жабық жотасындағы Майтөбе, Жаманкүнгей, Бұжыр, Шатыр қыраттары мен Ойжайлаудың шөптері шүйгін әрі малға өте жұғымды. Қайнар мен тұмалары көп, суы мол. Айнакөл, Оразбай сайы, Қараой бастауларынан қосылған бұлақтар Үпі шатқалымен төмен ағып, Ырғайты өзеніне қосылады.

Ауа-райы

Күні бұлыңғыр, жауын-шашынды, аспанды бұлт торлап, ашық күні сирек болғандықтан оны «Жабық жота» деп атаған. Түні салқын, дүркін-дүркін қарлы бұршақ жауып тұрады. Биік жоталарының солтүстік шатқалдарында жазда да қар жатады.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref><ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жабық жотасы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}