Жабыраил Ибн Омар Қадыр Хан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жабыраил Ибн Омар Қадыр Хан (туып-өскен жері белгісіз) — Батыс Қарахан қағанатының қағаны (1099 — 1102). Қарахан хандығындағы Баласағұн мен Таразды билеуші Шах-Махмұд Харун Бұғра Қараханның (Әулие ата) немересі. 1098 — 99 жылдары Батыс Қарахан қағанатындағы саяси дағдарысты пайдаланып, Самарқан пен Бұхараны басып алады. Сонымен қатар осы кездегі Қарахан әулетіне үстемдік жүргізіп тұрған салжұқтардың ішкі қырқысуларын шебер пайдалана отырып, Жабыраил Мауераннахрды азат етеді. Кейін салжұқтар мемлекетінің жеріне басып кірмек болып жорыққа шыққан Жабыраил 1102 жылы 22 маусымда Термез қаласының түбінде салжұқ сұлтаны Санжардың қолынан қаза табады. Денесі Бұхарада өзі ашқан медресеге қойылған.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub