Жабай Қарабиұлы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Жабай Қарабиұлы (шамамен 1697, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Қарағайлы кент жағалауы — 18 ғасырдың 70-жылдары, сонда) — батыр. Орта жүз құрамындағы керей тайпасының ашамайлы руынан шыққан. Жоңғар шапқыншылығына қарсы ұрыстарға қатысып, ерлігімен көзге түскен. Жабай Қарабиұлы батыр туралы Дәстем салдың “Қаҝармандар” дастанында айтылады. Оның ерліктерін Бұқар жырау, Үмбетей, Жанкісі, Тәтіқара, Көтеш, Шал ақындар жырлаған. Жабай Қарабиұлы батырдың Тоқсан, Сексен, Мыңжасар есімді ұлдарынан тараған ұрпақтар бүгіндері Ресейге қарасты Түмен облысы мен Солтүстік Қазақстан аумағында тұрады.

Сілтемелер

Қазақ энциклопедиясы

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub