Ж
Ж, ж — кириллицаға негізделген әліпби әрпі.
Тіл алдының таңдайға жуықтауынан жасалатын ұян дауыссыз дыбысты белгілейтін әріп. Ж-нің жалаң (спирант), қосынды (аффрикат - "дж") түрлері бар. Аффрикат Ж-нің қазақ тілінде дербес фонемалық мәні жоқ, ол - спирант Ж-нің нұсқасы. Сөз ішінде (Ж( дыбысы іргелес қатаң дыбыстың ықпалымен "ш" дыбысына ұқсас естіледі, бірақ жазылуда бұл ескерілмейді. Мысалы, айтылуы - Дошан, жазылуы - досжан. Түркі тілдерінің көпшілігінде "Ж" орнына "й" дыбысы айтылады (жол - йол, жас - йаш).
"Ж" қазақ тілінің байырғы сөздерінің аяғында өте сирек кездеседі (лаж, мұқтаж т.б.).
Транскрипциясы
Ж кирил әрпі латын тілдерін транскрипциясында түрлі жазылады: чех, словак, словен, хорват тілдерінің жазбаларында Ž әрпі, поляк тілінде - Ż нұсқасы; роман тілдерінде - G немесе J , в герман тілдерінде — диграф zh (ағыл.) немесе sh (нем.) т.б.<ref> Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 4 том</ref><ref>Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ., Қазіргі қазақ тілі. Лексика. Фонетика, А., 1962</ref>.
Кодтар кестесі
Код | Регистр | Ондық код |
16-лық код |
8-дік код |
Екілік код |
---|---|---|---|---|---|
Юникод | Бас | 1046 | 0416 | 002026 | 00000100 00010110 |
Кіші | 1078 | 0436 | 002066 | 00000100 00110110 | |
ISO 8859-5 | Бас | 182 | B6 | 266 | 10110110 |
Кіші | 214 | D6 | 326 | 11010110 | |
KOI 8 | Бас | 246 | F6 | 366 | 11110110 |
Кіші | 214 | D6 | 326 | 11010110 | |
Windows 1251 | Бас | 198 | C6 | 306 | 11000110 |
Кіші | 230 | E6 | 346 | 11100110 |
HTML жүйесінде бас әріп «Ж»-ны Ж
немесе code>Ж</code>, ал кіші «ж» әріпін - ж
немесе ж
деп белгілейді.
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Commons